Tam Ekrandan çıkmak için
1 - Buraya sağ tıklayın.
2 - "Tam Ekrandan Çık" seçeneğini seçiniz.
Siteye giriş için uyum problemi yaşamamak adına Güncel tarayıcı kullanın!

26 Сәуір 2007 - Бейсенбі


АКГЮН компаниясы Әзірбайжанда халықты таң қалдырды.

Акгюн компаниясы Хаят қонақ үйінде жоғары басшылардың қатысуымен өткен ашылу салтанатында жиналған жұртты таңқалдырды.

Түркияның бағдарламалық қамтамасыз ету саласындағы жетекші компаниясы AKGUN Yazılım шетелдік және сыртқы нарыққа ашылу жолында Әзірбайжанды, Бакуды негізгі қор ретінде таңдауы өзінің бағдарламалық қамсыздандыру саласындағы өз қызметін жеделдетті.

Баку қаласындағы Хаят қонақ үйінде 2007 жылдың 26-сәуірінде өткен ашылу салтанатына Түркияның Әзірбайжандағы өкілетті елшісі Хусейн Авни Карслыоғлу мен құрметті министрлердің орынбасарлары қатысты.

Жоғары басшылар мен жоғары жетекшілер қатысқан ашылу салтанатында АКГЮН компаниясының Бас Директоры Темель Акгюн сөз сөйлеп, Бакуде мұндай кеңсенің болу қажеттілігі бар екенін атай келе, Әзірбайжан секілді дос әрі туыс елде бағдарламалық қамтамасыз ету саласында айтарлықтай өзгерістер қажеттілігі туындап отырғанын атап өтті.

«Осы тұрғыдан біз институционалдық тұрғыдан сабақтаса отырып, өзіміздің біліміміз бен дағдыларымызды, тәжірибелерімізді қолдануды міндеттенеміз. Түркия кәсіпорындарында автоматтандырылған жүйелерді қолданудың 20 жылдан астам тарихы бар.

Автоматтандырылған жүйелердің қолданылуын бастаған ақпараттық жүйелер мекеме-қызметкер және азаматтарға қатысты айтарлықтай басымдыққа ие. Автоматтандырудың басым тұстары сансыз, барлық жағынан ұйымның қызмет аясын мейлінше кеңейте түсдеі. Туыс та дос Әзірбайжан елімен бірге автоматтандырылған жүйелердің басымдықтарын дамытуға және қолданыс аясын кеңейтуге тырысамыз”, деді ол.

Акгюн мырза ақпараттық жүйелердің өмір сүру деңгейін айтарлықтай арттыратынын атап өте келе, былай деді: «Түркияда денсаулық сақтау жобасының шеңберінде корпоративті саладағы революциялық жобалар тұрғылықты халықтың өмір сүру деңгейін арттырады». Ақпараттық жүйелер қызмет көрсету сапасын арттырудағы маңызды рөл ойнайды. Біз, үлкен компания ретінде, қызмет көрсету мен оны ұсыну мәселесін қолға аламыз. Институционалды тұрғыдан алғанда,біз өзіміздің білімімізді, дағдыларымыз бен тәжірибелерімізді туыстас Әзірбайжан елімен бөлісіп отырмыз. Осы мақсатта біз Баку қаласында өз кеңсемізді аша отырып, алғашқы қадам жасап отырмыз. Бұл екі ел үшін де пайдалы болатынына нық сенім білдіреміз» дей келе, ол өз сөзін тамамдады.

Бас директордың сөз сөйлеуінен кейін ұйымдастырылған компанияның презентациясы мен түрлі іс-шаралар өте жоғары деңгейде болып өтті.