13 Тамыз 2015 - Бейсенбі
Түркиядағы ең ірі 500 ақпараттық технологиялар компаниясын анықтайтын “Bilişim 500” марапаттау салтанаты 2015 жылдың 23 шілдесінде Radisson Blu Hotel қонақ үйінде өтті. 2014 жылдың қорытындысы бойынша Түркиядағы ең ірі 500 ақпараттық технологиялар компаниясын марапатта шарасында аппараттық қызмет көрсету, бағдарламалық жасақтама және компанияда көрсетілетін қызметтерден түсетін табыстардан тыс, қызмет көрсету саласына сәйкес ең ірі 500 ақпараттық технологиялар компаниясының ішінен тоғыз негізгі бағыт бойынша 10 жетекші компания анықталып, марапатталды.
Сатылымнан түскен және ауруханаларға арналған бағдарламалық жасақтама санатынан түскен таза табысқа сәйкес құрылған “Bilişim 500” аталымындағы компаниялар рейтингінде AKGÜN компаниясының орны өзгерген жоқ, яғни, биылғы жылы бірінші болды, өткен жылы да бірінші болған!
1986 жылдан бері «AKGÜN» компаниясы корпоративті желілік қауіпсіздік, ақпараттық қауіпсіздік және ақпараттық технологиялар секторында жүйелік бірігу салаларында жобалық және консультативтік қызметтерді ұсына отырып, аталған марапаты арқылы осы сектордағы өз жетістігін тағы да дәлелдеп шықты.
AKGÜN компаниясының басқарма төрағасы Темель Акгюн өз баяндамасында «AKGÜN» компаниясының 1986 жылдан бері елімізді ақпараттық технологияларға үздіксіз үйретіп келе жатқанын, AKGÜN отбасы ретінде өз еңбегінің мынадай марапатқа лайық деп танылғанына қуанышты, бақытты екендігін мәлімдеді.
Өзінің аталған саланың өзіне лайық дәрежеге жететініне үлкен үміт артатынын жеткізді