Tam Ekrandan çıkmak için
1 - Buraya sağ tıklayın.
2 - "Tam Ekrandan Çık" seçeneğini seçiniz.
Siteye giriş için uyum problemi yaşamamak adına Güncel tarayıcı kullanın!

27 Қараша 2014 - Бейсенбі


2014 жылдың 13 қарашасында Анкара қаласындағы «ATO Congresium» конференц-залында Технологияны дамыту жөніндегі екінші саммит болып өтті, оның ашылу салтанатына Ғылым мен технологиялар министрі Фикри Ышык қатысты.

Өз сөзінде Ғылым мен технологиялар министрі Фикри Ышык ғылыми зерттемелер мен әзірлемелер орталығында жүргізілетін инновациялар негізінде технологиялық өнімдерді өндіру жаһандық нарықтан өз үлесін алудың маңызды тәсілі болып табылатынын мәлімдеді. Министр Ышык ғылыми-зерттеу орталықтарына және технологияларды дамыту салаларына шынайы қолдау көрсеткендерін мәлімдей отырып: «Әлемде осындай орталықтарды қолдайтын мемлекеттердің бірі Түркия болып отыр. Егер, компания 100 лираның 60 лирасын өз қаржысынан шығындайтын болса, қалған 40 лираны мемлекет өтейді»,- деді министр.

Сонымен қатар, «Қаржы министрімен бірлесе отырып, біз түбегейлілік туралы шешім қабылдадық, оның кей жерлері ілң де өңделуге жатады. Технологияларды әзірлеу аумақтарында жүргізіліп жатқан зерттеу жұмыстарын қолдануға, ең болмағанда, белгілі бір дәрежеде ғылыми зерттемелер мен әзірлемелер орталықтарына жұмылдырылған.  Өз жұмысын жақсы атқаратын адамдардың өз жұмысынан суып кететіндей қадамдарды жасағымыз келмейді. Бұндай мүмкіндікке жол ашпау үшін біз нақты жұмыстар атқарып, ғылыми зерттемелер мен әзірлемелер орталықтарының санын арттыратын боламыз. Осылайша, біз техносаябақтарға көбірек қолдау көрсетіп жатырмыз».

Ашылу салтанатына AKGÜN компаниясы Басқарма кеңесінің төрағасы мен Қаратеңіз Техникалық университеті Технокентінің кәсіпкері Темелб Акгюн қатысты.

Технологияны дамытудың табысты орталықтарының жетекшілерін құттықтап болған соң, AKGÜN жоба технологияларын әзірлеу саласында жұмыс істейтін компаниялар басшыларымен бірге көрмені аралап шықты.