Tam Ekrandan çıkmak için
1 - Buraya sağ tıklayın.
2 - "Tam Ekrandan Çık" seçeneğini seçiniz.
Siteye giriş için uyum problemi yaşamamak adına Güncel tarayıcı kullanın!

26 Мамыр 2014 - Дүйсенбі


Корпоративтік қолданыс және бағдарламалық қамсыздандыру алаңында көшбасшы «АКГЮН» компаниясы жоғарғы деңгейде технологиялық конференция өткізді және осылайша тағы бір технологиялық іс-шараны қоса білді.

Жоғарғы деңгейдегі басқосудың күн тәртібіне «АКГЮН» компаниясы атынан қосылған құнды арттыру және өзінің технологиялық шешімдерінің көмегінің арқасында «АКГЮН» компаниясы қамтамасыз ететін кәсіпорындардың өнімділігін арттыру мәселелері енгізілді. Біздің жергілікті және шетелдік үйлестірушілер, басшылар, коммерциялық топтар, жұмыс  қызметкері, компьютерлік бағдарламаларды қамтамасыз етуші қызметкер және серіктестеріміз осы іс-шарада «АКГЮН» компаниясының инновациялық шешімдерімен бірлескен өздерінің жетістікке толы тарихтарын бөлісті. «АКГЮН» компаниясының жоғарғы деңгейдегі басқосуы 2014 жылғы 17-18-19 мамырда AKGÜN Plaza ғимаратында өткізілді.

Корпоративтік  қолданыстар және бағдарламалық қамсыздандырулар алаңында көшбасшы «АКГЮН» компаниясы кешенді түрде мемлекеттік ұйымдар және кәсіпорындардың қызметінің бәсекеге қабілеттілігін, өнімділігін, табыстылығын қамтамасыз ететін және инновациялар енгізетін ақпараттық технологиялармен қатар іскерлік процестеріне ұтқырлық беретін шешімдермен бөлісті.

Жоғарғы деңгейдегі басқосуды «АКГЮН» компаниясының басқарма кеңесінің төрағасы Темель АКГЮН ашты, ашылу кезінде әнұран ойналып, қаза тапқандар бір минут үнсіздікпен еске алынды. Темель АКГЮН мырза өз сөзінде келесі жайттарды атап өтті: «Корпоративтік қолданыстар және бағдарламалық қамсыздандырулар алаңында көшбасшы «АКГЮН» компаниясы өзінің 28 жылдық ғаламдық тәжірибесіне сүйене отырып, инновацияларының өсуін, өнімділігін, бәсекеге қабілеттілігін және үнемділігін қамтамасыз ететін кәсіпорындар үшін шешімдер шығаруын жалғастыруда. Кәсіпорындар жаңашылдық шешімдердің негізінде бәсекеге қабілеттілігінің артуы есебінен жарқын болашаққа дұрыс жол таңдай отырып, және де шекараларды ашатын ақпараттық технологиялармен қатар өсуде. Біз сондай-ақ мәселені осылай көру тұрғысынан өмірде іске асырылған ақпараттық технологиялар бойынша шешімдермен танысатын технологиялар тақырыптарының жоғарғы деңгейіндегі жыл сайынғы жиналыстарды өткізуімізден үлкен бақытқа кеңелеміз. Біз осы іс-шараға бағдарламалық қамсыздандыру, көшпелі жұмыстар бойынша жергілікті және шетелдік қызметкер, сауда тобы және басшылар есебінен 300-ге жуық адамның басын қоса алдық. Біздің барлығымыз «АКГЮН» компаниясының жоғарғы деңгейдегі басқосуында біздің клиенттердің бизнесінің мақсаттарға жетуін қамтамасыз ету үшін қажеттілікке мұқтаждығын және өсуін арттыруға арналған жаңа бизнес-үлгілері мен ақпараттық технологияларының инвестицияларының қалай сараланатынын бағалау үшін бас қостық. Біз кәсіпорындардың өнімділігін, табыстылығын және бәсекеге қабілеттілігін үнемі қамтамасыз ететін технологиялар және жобаларды жетілдіруімізді жалғастыратын боламыз».

«AKGÜN Plaza» ғимаратындағы арнайы іс-шарада кәсіпорындардың болашақ мақсаттарының бағыттарына жол нұсқайтын қолданыстар мен жаңа жобалар бойынша хабардар болу мақсатында танысуларды іске асыру шеңберінде көптеген мәселелер қарастырылды. Кәсіпорындардың мақсаттарына қол жеткізуді және ақпараттық инвестицияларды ұзартуды қамтамасыз етуге мұқтаж бизнесті құрудың жаңа үлгілері және интерактивті қолданыстың бәсекелестігі қалай сараланатыны туралы тақырып басқосуда ерекше орын алды. «ARGE» компаниясының, қолдау және сатулар жөніндегі үйлестіруші орталықтардың баяндамалары қатысушыларға «АКГЮН» компаниясының топтарымен және оның өнімдерімен жақынырақ танысуға жақсы мүмкіндік берді.

АКГЮН клиенттерге көрсетілетін және көрсетілуі жоспарланған қызметтерді жақсарту мақсатында іске асырылған инновациялар негізіндегі шешімдер мен бизнес-процестерді интерактивті түрде ұсынды.

Тұтынушылар табысының тарихымен алмасатын, акционерлер арасында идеялармен алмасу тұғырын құрған, және де ұсынылатын қызметтердің сапасы мен қажеттіліктерін қанағаттандыруды бірінші кезекке қоятын «АКГЮН» компаниясы талаптар және ұсыныстармен танысқан, сондай-ақ пікірлермен алмасқан, шешімдер қабылдау бойынша серіктестерді ұсыныстарын біріктіре отырып, жоғарғы деңгейдегі жиналыстың шеңберінде параллель отырыстар өткізді.

Біз, «АКГЮН» компаниясының тобы, бізге ізеттілік танытқандарыңыз үшін және қатысуларыңызбен құрмет көрсеткендеріңіз үшін барлық қатысушыларға, өздерінің жан-жақты үлестерін қосқан біздің серіктестерімізге, «АКГЮН» компаниясының барлық бағдарламалық қамсыздандыру бойынша қызметкерлеріне ғажайып талпыныстары мен қайсарлықтары үшін алғысымызды білдіреміз.